ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі маймыл шешегінің қазіргі ахуалы және еліміздің аумағында инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінде Қазақстан Республикасында маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдағанын хабарлады.
"Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады", - делінген хабарламада.
Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда және кез келген өзгерістерге жедел ден қоюға дайын", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!