Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына мониторинг жүргізу 2022 жылдан бері ЖРВИ және тұмау бойынша қолданыстағы эпидқадағалау жүйесіне енгізілгенін хабарлады.

Мониторинг қазіргі таңда елде респираторлы вирустар, соның ішінде КВИ айналымы да байқалатынын көрсетті. Осы жылдың басынан бері КВИ бойынша 1 290 жағдай тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ. Бұл ретте ЖРВИ, вирусты пневмония және КВИ жұқтырып ауруханаға түскендердің жоқтығын айта кету керек, бұл КВИ бойынша дерт ағыны жеңіл түрде өтіп жатқанын көрсетеді. Сонымен секвенирлеудің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда әлемдегідей 100 пайыз жағдайда Омикрон штаммының түрлі нұсқалары айналыста жүр.

ҚР мемлекеттік бас дәрігерінің м.а. 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 "2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы" қаулыға қол қойды.

Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, соның ішінде:

  • 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
  • Медициналық ұйымдарда: кіреберісті "сүзгі" жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;
  • ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін келесідей профилактикалық шаралар жүргізу ұсынылады: ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина