- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрі...
Денсаулық сақтау министрі түсік жасатуға тыйым салу туралы сұраққа жауап берді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда түсік жасатуға заңмен тыйым салынбағанын айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
"Еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте әйелдің репродуктивті құқықтары бар. Яғни, баласын туу немесе тумауды әйел өзі шешеді және жоспарлайды. Сондай-ақ, түсік жасатуға тыйым салатын нормалар жоқ және олар заңмен қарастырылмаған", - деп түсіндірді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Ведомство басшысының айтуынша, осыған дейін жоспарланбаған жүктілік салдарынан түсік жасаудың күрт өскені байқалмаған.
Г. Досымшалова"Жүктілікті тоқтататын нақты медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бар. Сондықтан жүктілікті тоқтату перинаталдық орталықтарда комиссия мен дәрігерлермен талқыланып жүргізіледі", - деп қосты Ажар Ғиният.