- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрі...
Денсаулық сақтау министрі көмекші таңдауда таңғалдырды
Фото:
otyrar.kz
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкентке сапары кезінде мүмкіндігі шектеулі 23 жастағы Алмас Өткіровті өзінің көмекшісі қызметіне шақырды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Ол бұл қызметте мүгедектігі бар адамдардың өмірін жақсартуға және оларды оңалту кезінде қолайлы жағдай жасауға ниет білдіріп отыр. Жаңа көмекшінің басты мақсаты - мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін жоғарыға жеткізу.
Ж. Қадыржанова"Бірінші кезекте "мүгедек" деген сөзбен айналысқым келеді, олай айтуға болмайды. "Мүгедектігі бар адам" немесе "мүмкіндігі шектеулі жан" деу керек. Мүмкіндігі шектеулі әрбір адам кез келген жағдайда өзін жайлы сезінгісі келеді. Өзіміз үшін жайлы орта мен қоғам құрғымыз келеді", - деді Шымкент тұрғыны.