- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Денсаулығында кінәраты бар"....
"Денсаулығында кінәраты бар". Түркістан облысында жоғалып кеткен 31 жастағы жоғалған ер адам табылды
Түркістан облысында денсаулығында кінәраты бар 31 жастағы жоғалған ер адамды іздеп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны 31 жастағы ұлының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығын айтып, полиция бөліміне арызданған. Анасының айтуынша, жоғалған ұлының денсаулығында кінәраты бар яғни сөйлей алмайды. Жақындары өздігімен іздестіру жұмыстарын жүргізгенімен, еш нәтиже шықпаған.
Содан кейін полицейлерден көмек сұраған. Жоғалған тұрғынды іздеуге Ордабасы аудандық полиция бөлімінің барлық тиісті қызметкерлері жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары барысында учаскелік полицейлер түр-тұлғасы күдік тудырған азаматты назарға алады. Аталған азаматтан сұрақ - жауап алу барысында оның денсаулығында кінәраты бары және тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында екені анықталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Учаскелік полицей Ербол Суханов пен Ерзат Байдаровтар 31 жастағы ер азамат туралы жан-жақты деректерді іздестіруі нәтижесінде, оның Шымкент қаласында 2 күннен бері жоғалып, іздеуде жүргені нақтыланды. Полицейлер ер азаматты тұрақты мекен-жайына жеткізіп, ата-анасына аман-есен табыстады. Өз кезегінде анасы ордабасылық тәртіп сақшыларына өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғысын білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина