Қадірлі қонағына ас салып, ет аспай қонақ күтпейтін ағайын үшін жағымсыз жаңалық. Ғалымдар сиыр еті мен қой етінің диета кезіндегі аз ғана мөлшері қант диабетінің даму қауіпін едәуір арттыратынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Қызыл ет жеу екінші типтегі қант диабетінің дамуына түрткі болуы мүмкін. Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің зерттеушілері осындай қорытындыға келді. Ғалымдар 200 мыңнан астам пациенттің денсаулығы мен тамақтану әдеттері туралы деректерді талдап, оларды 36 жыл бойы бақылап отырды. Зерттеу нәтижесінде қуырылған, бұқтырылған және қайнатылған қызыл етті, шұжықтар мен тұшпара түріндегі қызыл етті ұнататындарда қант диабеті туындау қауіпі бар болып шықты.
"Біз қызыл етті өңделген және табиғи түрде тұтынуды шектеу туралы диеталық ұсыныстарды толығымен растаймыз", - деді зерттеу авторы Сяо Гу мәлімдемесінде.
Ғалымдардың тұжырымдары
Аптасына екі порция қызыл ет жеу екінші типтегі қант диабетінің даму қаупін 62 пайызға арттырады, өңделген еттің әрбір қосымша порциясы тағы 46 пайызға, өңделмеген ет 24 пайзыға арттырады. Сондықтан "денсаулықты оңтайландыру" үшін аптасына бір порция ет жеуге оңды шешім дейді ғалымдар.
Ғалымдар етті бұршақ дақылдары сияқты басқа ақуыз көзімен алмастыру екінші типтегі қант диабеті қаупін 30 пайыз төмендететінін атап өтті.
Қызыл еттің зияны
Қызыл етті ұзақ уақыт бойы шамадан тыс тұтыну жүрек ауруы, қатерлі ісік және ерте өлімге әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Десекте табиғи ет-ақуыздың, витаминдердің және темір, мырыш, В дәрумендері сияқты минералдардың тамаша көзі. Ал ақуыздың жетіспеушілігі сіздің қалқанша безіңізге әсер етуі мүмкін. Сондықтан ғалымдар диетаны жоспарлау кезінде еттен толығымен бастартуға болмайтынын жеткізді.
фото: pixabay
Пайдалы балама
Қызыл еттің орнына дәрігерлер тауық немесе күркетауық таңдауға кеңес береді. Күркетауық - бұл диеталық ет, оның құрамында май аз, Е және А дәрумендері мен антиоксиданттар бар. Сондай-ақ, күркетауықтың етінде натрий көп және ол қатты тұздауды қажет етпейді. Оның құрамында тауыққа қарағанда темір көп және остеопороздың алдын алатын кальций жеткілікті деп саналады. Тауық еті де өте пайдалы. Оның ақуызы ағзаға оңай сіңеді, құрамында А дәрумені көп, ағзаға қажет барлық аминқышқылдарының шамамен 92 пайызы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!