- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Денесіне іріңді бөртпелер...
"Денесіне іріңді бөртпелер шыққан". Қытайлық өнімдерді пайдаланған тұрғын ауыр жағдайда ауруханаға түсті
Шымкент қаласының 54 жастағы тұрғыны қатты аллергиямен N2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқасты жансақтау бөліміне жатқызды,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдің бүкіл денесінде іріңді бөртпелер пайда болып, дене қызуы көтерілген. Басы ауырып, жүрек айнуы пайда болған. Науқастың айтуынша, бұл белгілер оны бес күн бойы мазалаған.
"Әйел қытайдың түрлі дәрі-дәрмектері мен жақпа майларын қабылдаған. Төрт күннен соң оның денесінде аллергия белгілері пайда болған. Оның жағдайы ауыр, дене терісінің 90 пайызы зақымдалған. Бет пен дененің ісінуі бар, – деді дәрігер.
Дәрігерлер науқасты екі апта бойы жансақтау бөлімінде қанды гемофильтрация арқылы тазартып, қарқынды ем жүргізді. Нәтижесінде әйелдің жағдайы жақсарып, терісі толығымен қалпына келтірілді. Дәрігерлер маманның рұқсатынсыз дәрілерді қабылдау денсаулыққа үлкен қауіп төндіретінін айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы