Денесін тоңазытқышта сақтаған: ақтөбелік дәрігердің өліміне не себеп болғаны айтылды

Денесін тоңазытқышта сақтаған: ақтөбелік дәрігердің өліміне не себеп болғаны айтылды
Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбеде елге белгілі дәрігердің өлі денесін әріптесі үйіндегі тоңазытқышта екі күн бойы сақтаған. Нефролог маманды өлтірген ақтөбелікке қатысты соттың алғашқы отырысында осындай жайттар айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қанды қылмыс осыдан төрт ай бұрын болған. 23 мамырда дәрігер Абай Айсағалиев хабар-ошарсыз кеткені айтылып, іздеу салынған. Біраз уақыттан соң дәрігер қылмыс құрбанына айналғаны анықталды. Жауыздыққа 31 жастағы әріптесі барыпты.

Айыптау актісіне сүйенсек, күдікті дәрігердің есепшотында қомақты қаражат барын біліп, қылмысты алдын ала жоспарлаған. Алдымен ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, банк қосымшаларының, картасының құпия кодын білген.

"Түнделетіп дәрігердің үйіне келіп, бірнеше рет пышақтап, балталаған. Кейін банк картасын, планшет, ноутбук пен екі iPhone-ды ұрлаған. Ақшаны банкоматтан шешу кезінде оны ешкім танымауы үшін маска киіп жүрген. Қолма-қол шешіп алған ақшасы 5 миллион теңгеден асады. Ал өлі денені мұздатқышта екі күн сақтап, кейін техникамен қоса құртпақ болған", - деп жазылған мәліметте.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget