Ұрлық және бопсалау бойынша орташа режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан сотталушылардың бірі сотталушы бір жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР ІІМ Павлодар қаласындағы №45 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 24 жастағы ер адам жедел тергеу барысында былтыр қазанда Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде, ол бостандықта болған кезде бір танысымен ішімдік ішкен. Араларында жанжал туындап, жігіт қарсыласына бірнеше рет соққы жасаған. Ал кейін ол қылмыстың ізін жасырмақ болған.
"Сотталушы қорқып, танысының денесін көшедегі дәретханаға лақтырып, құммен, таспен көміп тастаған", - дейді №45 мекеменің жедел бөлімінің басшысы Болат Арынов.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, кейін материалдар Ақмола облысының полиция департаментіне тапсырылды.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл үйдің көшедегі әжетханасынан ер адамның денесі табылды. Зардап шеккен 1984 жылы туған ер адам болғаны анықталды. Осы уақыт бойы ол із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болды. Қылмыстық істі одан әрі қарау және шешім қабылдау үшін сотталған ер адам Ақмола облысына жіберілді", - деді Болат Арынов.
Енді сотталушыны жаңа жаза күтіп тұр, ол жазасын басқа колонияда өтейтін болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!