- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Денесін аппақ төсек...
"Денесін аппақ төсек жаймаға орап, алып шықты". Өктем Алтаев 23 жасында қаза болған қарындасын еске алды
Танымал әнші, сазгер Өктем Алтаев "Алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында 23 жасында жол апатына түсіп, қаза болған қарындасы есіне түсіріп, көзіне жас алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарындасының қазасынан кейін сазгер қатты күйзеліске түсіп, тіпті біршама уақытқа дауысы шықпай қалған.
"Әр адамның жүрегінде өшпейтін бір жара болады. Қарындасымды еске алғанда жылайтын себебіміз де бар, өйткені қарындас қайтқанда қиын болады екен. Ол 23 жастағы тұрмысқа енді шыққан албырт, жас қыз болатын. Менің балаларымды, Бағжанды да, Таңшолпанды да өзі жақсы көріп қараған. Біз оған сенетін едік. Қазақта "өлер бала өзгеше болады" деген жақсы бір сөз бар ғой. Абысынына жаңадан көлік әперген екен, сол көлікпен "Бағанастың арғы жағындағы бір ауылға барамыз" деді. Сол жаққа қарай басын бұға берді, бұға берді. Оған бәріміз "барма" дедік, өзі қоймай "барамын" деді. Сөйтіп мені өтірік алдап, "ойланып көремін" деп шығарып салды. Кейін біз қайтып жатқанда менің көлігімнің көлігін ашты да, алыстан келіп, менің бетімнен сүйді. Ол мені ешқашан бұлай сүйген емес. Сөйтіп біз кетіп қалдық. Шамамен кешкі сағат 17.00 қатты шашалып қалдым, қанша су ішсем де шашалғаным басылмады. Бір уақытта шашалғаным, жөтелге айналды. Жөтел сияқты, бірақ ол жөтел емес. Артынан ұялы телефоны "қарындасың Қапшағайда жол апатына түсті" деген хабар келді, бірақ қайтыс болды деп айтқан жоқ. Жеңгесі екеуміз Қапшағайдың ауруханасына бардық. Мәйітханадан аппақ төсек жаймаға орап, алдымызға денесін алып шығып берді. Қарындасымның денесін құшақтап, "неге кеттің, тыңдамай?" деп айғайлап жыладым. Қатты өкінішім осы, өкініш болғанда да алланың ісі ғой. Оны бәріміз ерекше жақсы көрдік, ол шындығында басқаша болды.
Содан кейін мен депрессияға түсіп, қатты күйзелдім. Құсадан дауысым шықпай қалды. Бір жылға дейін ән айта алмай жүрдім. "Бір алла" деген әнімді айтып, сахнаға қайта оралдым", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Батаяқ деген не?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә