Танымал әнші Жасұлан Базарбаев өзіні сынға алған әріптесі Бағлан Әбдірайымовқа жауап берді. Бұл туралы өнер иесі Ұйқым келмейді бағдарламасына сұхбат бергенде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Телеарнаға берген сұхбатында эстрада жұлдызы, "Жігіттер" квартетінің солисі Бағлан Әбдірайымов, өнерпаз Жасұлан Базарбаевты "Денесі үлкен, санасы бала" деп сынға алыпты. Өз кезегінде Жасұлан әнші Бағланның киносына түсуге үзілді-кесілді қарсы болған.
"Бағлан екеуміз құрдаспыз ғой. Телеарнаға сұхбат берген кезде ол ағынан жарылыпты. екеуміздің құрдас ретінде әлеуметтік желіде жасаған видеоларымыз, әзіл-қалжыңдарымыз болатын. Бірақ ол өзінің парақшасынан өшіріп тастапты. Мен оны білмеймін, ал ол видеолар менің парақшамда әлі тұр. Содан телеарнада осы видео туралы әңгіме болып, Бағланнан сұрасы ол: "Денесі үлкен болғанымен, санасы бала сияқты" деп мені жығып бергені бола ма? Сөйтіп ана бағдарламадан кейін бәрі менің жеке шығып, маған жазып, тиісіп. Сосын мен бұл видеолар менде ғана емес Бағланның парақшасында да бар деп оның парақшасына кіріп қалсам, бәрін өшіріп тастапты. Бірақ Бағлан мені біледі, оның жауабы болатынын да біледі", - дейді Жасұлан Базарбаев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!