- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Денесі көгеріп, тынысы...
"Денесі көгеріп, тынысы тоқтап қалған". Жасөспірімді өлімнен арашалап қалған әйел оқиға туралы айтты
Семейде Ертіс өзенінінің жағасында дем ала алмай жатқан жасөспірімді құтқарған әйел марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сол күні ауа температурасы 45 градустан асып кеткен. Ыстықта жағажайда демалушының қарасы көп болды. Балалармен жағалауда демалып жүрген едік, кенет көмекке шақырған дауыс естідім. Еш ойланбастан көп адам шоғырланған жерге қарай көмекке ұмтылдым", - деді Айнұр Садырбалина.
Оқиға орнында бір ер адам жасөспірімге алғашқы көмек көрсетіп жатқан. Алайда көрсетіліп жатқан көмекке қарамастан жасөспірім ес-түссіз болған. Оның денесі көгеріп, тынысы тоқтап қалған.
"Бет-әлпетінен суға батқан адамның барлық белгісі байқалды. Осы сәтте жасөспірімді бірден реанимациялауға кірістім. Сөйтіп оны аман алып қалдым. Бұл сәтте сәл кешіккеннің өзі баланың өміріне орасан зор қауіп төндіруі мүмкін еді", - деді Айнұр Садырбалина.
Адам жанын ажалдан арашалаған Айнұр Садырбалинаны Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы "Суға кеткенді құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады.
Айта кетейік, биыл суға шомылу маусымында Семейде 7 адам суға батып кетті, 6 адам құтқарылды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тоқ соққан адамға қалай көмектесу керек?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек