- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Денеге жара шығады“....
“Денеге жара шығады“. Экс-министр Елжан Біртанов жаңа вирусқа қатысты сыбысқа пікір білдірді
Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов Qazaq Airan-ға берген сұхбатында жақында елде жаңа вирус тарайтынына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сұхбат барысында жүргізуші экс-министрге кейінгі кездері қоғамда қарашада вирустың жаңа түрі өршитініне қатысты тараған ақпараттың қаншалық шындыққа жанасатынын сұрады. Сыбыста фармкомпаниялар бір жақпамайды жаппай сатып алып жатқаны, коронавирус кезінде бірінші кезекте өкпеге зиян тисе, бұл жолы денеге жара шығатыны айтылады.
Экс-министр бұл туралы бірінші рет естіп тұрғанын атап өтті.
"Шынымды айтайын, бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Сіз халықтың, мамандардың арасында тараған ақпарат дейсіз, бірақ мұндай сыбыс болса, мен білетін едім. Маған бұл туралы ешкім айтқан жоқ. Жалпы бұған сену қиын. Өйткені ол жақпамайдың вирусқа қарсы әсері жоқ. Адамның денесіне, терісіне жара шықса, иә, көмектеседі. Ал эпидемияға қарсы мүмкіндігін ойласақ, екіталай. Мұндай ескерту де жоқ. Мен, әрине, эпидемиология саласының маманы емеспін, бірақ мұндай хабар әлі естімедім, - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция - Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтіп жатқаны хабарланған болатын.
Марбург вирусы жуылмаған банан арқылы жұғуы мүмкін
Еске салайық, бұған дейін Елжан Біртанов үстінен қозғалған қылмыстық іс туралы айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә