Денедегі түкті қырса, қалыңдай түсетіні рас па?

Денедегі түкті қырса, қалыңдай түсетіні рас па?
Фото: globallookpress.com

"Шашты тақырлап алып тастау керек, сонда қалың болып өседі" деген түсінікті ғалымдар растамайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адам денсаулығына қатысты дәлелденбеген немесе қате екені расталған ақпарат жетерлік. "Шашты тақырлап алып тастау керек, сонда қалың болып өседі" деген тұжырымның миф екеніне сенетіндер аз.

Денсаулыққа қатысты наным-сенімнің ең ескісі осы болар. Сақал-мұрты тебіндеп шығып келе жатқан жасөспірім жігіттер де бұл түсінікке сенеді. Содан болар, қайта-қайта қырынуды әдетке айналдырып алады. Алайда шын мәнінде қырынғанда түктің өлген ұшы ғана алынады, ал түбі тері астында бәрібір қалып қалады. Түк қалыңдаған сияқты болып көрінетін себебі мынау: сақал-мұрт өскен сайын қаттырақ әрі жуанырақ болады. Бірақ белгілі бір ұзындыққа жеткен соң қырынуға дейінгі кездегідей селдіреп, жұқа болып кетеді.

Түктің қалың болуы ген мен гормондар деңгейіне байланысты. Адам бойындағы андрогендер (тестостерон, дигидротестостерон) түктің өсуінде маңызды рөл атқарады. Есейе келе ер адамдардағы түк те қалыңдай түсуі мүмкін, бірақ бәрі гормонға байланысты. Түк құрылымы өзгермейді, бар болғаны оның тамыр түсі қаралау әрі жуандау. Сондықтан қысқа шаш қара қою, қуатты болып көрінеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева