- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Денедегі қал мен...
Денедегі қал мен мең сіздің бұрынғы өміріңізден хабар береді
Адам дүниеге келгенде оның өмір сүрер тағдыры жазылады. Ал миф-ғалымдардың зерттеуі бойынша, кез-келген адамның сүрген өткен өмірі болады. Massaget.kz тілшісі денедегі туу белгілері, секпіл, мең арқылы сіздің өткен өміріңізде кім болғаныңызды анықтап көрді.
Егер сіздің денеңізде туу белгілері жоқ болса, онда өз ажалыңызбен өлгеніңізді көрсетеді немесе сізде өткен өмір болмаған. Демек сіз қазір өзіңіздің бірінші өміріңізді сүріп жатырсыз.
Көзіңіздегі мең.
© pibig.info
Егер көзіңізде белгі немесе мең болса онда сіздің өткен өміріңіз өліммен байланысты. Көзінде мең бар адамдарды өткен өмірінде ұйықтап жатқан кезде өлтірген болуы мүмкін.
Беттегі немесе денедегі секпіл
© yamal.ru
Егер сіздің бетіңізде немесе деніңізде сепкіл болса, онда сіздің бұрынғы өміріңізде өрттен қайтыс болғаныңызды білдіреді. Осы өмірдегі бетіңіздегі яки денеңіздегі секпіл ол өткенді қайталамасын дегенді білдіреді. Сондықтан оттан, өрттен сақтанып жүріңіз.
Беттегі қоңыр немесе қара дақтар
© dar-yan.ru
Бетіңізде немесе деніңізде суреттегідей қара, қоңыр дақтар болса, онда ол осы жеріңізге оқ тигенін білдіреді. Яғни сіз өткен өміріңізде оққа ұшып қаза болғансыз.
Құлақтағы мең
© dzen.ru
Егер сіздің құлағыңызда мең болса, онда алаңдамаңыз керісінше қуаныңыз. Құлағында меңі бар адамдар, өткен өмірінде бай, бақуатты адам болғанын білдіреді.
Мұрныңыздағы мең
© life.ru
Егер сіздің оң жақ немесе сол жақ мұрныңызда мең болса, бұл сіздің өткен өміріңізде ашу үстінде біреуді өлтіріп қойғаныңызды білдіреді.
Арқадағы мең
© artofpain.ru
Егер арқаңызда мең болса, онда сіздің өткен өміріңізде сізді ержүрек болғаныңызды көрсетеді. Арқадағы мең соғыс алаңында батырлықпен көз жұмғаныңыздың белгісі.
Алайда, мең, секпіл тағы басқа белгілер адам ағзасында нақты не үшін пайда болатыны әлі күнге дейін жұмбақ. Ежелгі заманнан бері адамзат мольдердің пайда болуын әртүрлі мистикалық құбылыстармен байланыстырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы