Тердің бөлінуі – қызып кетумен күресуге бағытталған ағзаның қорғаныш реакциясы. Бірақ иістің қатты шығуы айналадағыларға және адамның өзіне жағымсыздық сыйлауы мүмкін. Егер бұл проблема ыңғайсыздықтар тудырса не істеу керек? Патофизиологом Елена Парецкая Doctorpiter порталына денедегі және киімдегі жағымсыз иістен қалай дұрыс арылу керегін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тердің құрамы
"Тердің негізі – су. Онда көптеген минералды тұздар (оның ішінде кальций мен магний тұзы бар), микроэлементтер (күкірт, калий, хлор), сондай-ақ аммиак, несепнәр, сүтті қышқыл, майлы қышқыл және аминқышқылдар ерітілген, - деп түсіндірді дәрігер. – Негізі тердің иісі жоқ, бірақ терінің бетінде өмір сүретін бактериялар оның құрамындағы майлы және ақуызды молекулаларды ыдыратып, қанықпаған майлы қышқылдар мен аммиак қоспасын түзе бастағанда өзіндік иіс пайда болады".
Бұл терге өзіндік жағымсыз және өткір иіс береді. Әдетте қатты терлеген кезде иіс пайда болады. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін, одан дәрігердің кеңесін алу арқылы арылу керек.
Тершеңдік неден пайда болады?
"Тердің негізгі қызметі – дененің термореттеуіне көмектесу. Тер сұйықтығының буға айналуы ыстықта немесе жоғары дене температурасы кезінде денені салқындатуға көмектеседі", - дейді Елена Парецкая.
Әр ағзаның өзіне тән тер иісі бар. Тер иісінің өткір және жағымсыз болуына мына факторлар әсер етуі мүмкін:
"Адам терлесе, одан иіс шығады деген сөз емес, - дейді Елена Парецкая. – Егер адам сау болса және жүйелі түрде душқа түсіп, гигиенаны сақтаса, иіс болмауы керек".
Ал егер тершеңдік бар болса, оның себебін анықтау қажет.
"Егер дене иісі бірден өзгерсе, дәрігерге қаралу керек, - деп кеңес берді дәрігер. – Бұл жиі аурулар белгісі болады. Мысалы, диабет кезінде ацетон иісі шығады, бүйрек проблемалары кезінде аммиак иісі, бауыр зақымдалғанда хлордың немесе балықтың иісі шығады".
Денедегі тер иісінен қалай арылу керек?
Тершеңдік кезіндегі жағымсыз дене иісін азайтуға көмектесетін қарапайым кеңестер бар:
Киімдегі иістен қалай арыламыз?
Киімге де тер иісі сіңіп қалады. Кейде мұндай киімді жуса да иіс кетпейді. Дәрігер мұндай кезде киімді аздап сірке суы қосылған суға салып қоюға кеңес берді.
"Алайда сірке суын хлормен араластыруға мүлдем болмайды. Сірке суының орнына ас содасын пайдалануға болады. Киімдерді шкафқа жинамас бұрын оларды жақсылап кептіру керек, киімге арналған кондиционер қолданыңыз, - дейді дәрігер. – Сондай-ақ киімнің ішінен артық терді сіңіріп алатын майка немесе футболка киіңіз. Киімді киер алдында бактериялардан арылу үшін оны үтіктеңіз".
Оқи отырыңыз: Ауыздағы сарымсақ иісінен қалай жылдам арылуға болады?