Тері - адам ағзасындағы ең үлкен орган, оның ауданы 1,5-2 шаршы метр. Кейде ағзада белгілі бір өзгерістер болса, дене терісі бөртіп кетуі мүмкін. Бұл туралы трихолог Анастасия Федорова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru" сілтеме жасап.
Оның айтуынша, дене терісіне бөртпе шығып, оған қоса қышыса, бұл тамақ, жүн, шаң, тұрмыстық химия және қоршаған ортаның басқа заттарына төзімсіздік. Аллергия кезінде күлбіреу, қызғылт дақтар жиі кездеседі.
"Кейбір жұқпалы герпес, вирустық сүйел, саңырауқұлақ ауруларында дене терісіне бөртпе шығады. Бұл жағдайларда бөртпе көбінесе түйін немесе көпіршік түрінде болады", - деді ол.
Сонымен қатар, дене терісіндегі бөртпелер асқазан-ішек жолдарының ауруын көрсетуі мүмкін. Мысалы, микробио немесе өт ағынының бұзылуы, асқазан мен ішек аурулары, олардың сіңіру функциясы бұзылған кезде, көбінесе ұсақ түйін мен дақ түрінде бөртпе болады.
"Псориаз, безеу, атопиялық дерматит және басқа дерматоз секілді тері аурулары. Мұндай кезде тері орган ретінде ауырады және оны емдеу үшін дерматолог кеңесін алу қажет. Әр аурудың түрінде бөртпенің өзіндік сипаты бар, мысалы, псориазда түйіншек, ал безеуде қара нүктелі безеулер, іріңді және іріңсіз бөртпе", - деді маман.
Жүйелі қызыл жегі секілді аутоиммунды ауруларда да бөртпе байқалады. Иммунитет жасушалары өз жасушаларын бөтен деп қабылдап, дене өзіне шабуыл жасайды. Мұндай ауруларда терінің ерекше көріністері жиі кездеседі, мысалы, қызыл жегіде бөртпелер көбелек тәрізді болады.
"Қан, гормоналды жүйе, онкологиялық аурулар секілді көптеген жүйелік ауруларда да әртүрлі бөртпелер шығады. Сондықтан теріде кез келген бөртпе пайда болған кезде дерматологпен кеңесу керек", - деп қорытындылады Анастасия Федорова.
Айта кетейік, бұған дейін қай өнімдерден бетіңізге безеу қаптап кетуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Буын деген не? Буынның қандай түрлері бар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!