- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Демократия институты" exit...
"Демократия институты" exit poll нәтижесін жариялады
Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауындағы үшінші exit poll қорытындысы белгілі болды. Мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінің эфирінде "Демократия институты" зерттеу қауымдастығы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Exit poll қорытындысы бойынша дауыс беру нәтижесі төмендегідей болды:
- Amanat партиясы – 53,33 пайыз;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 11,26 пайыз;
- Respulica партиясы – 8,33 пайыз;
- Қазақстан халық партиясы – 6,93 пайыз;
- "Байтақ" жасылдар партиясы – 2,51 пайыз;
- Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 8,87 пайыз;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,12 пайыз;
- "Бәріне қарсымын" – 3,65 пайыз.
Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.
Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.
19 наурыз 19:00-дегі жағдай бойынша шет елдерде 11 учаскелік сайлау комиссиясы (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз.
66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан