- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Демім жетпейді, жібер"....
"Демім жетпейді, жібер". Танымал актриса зорлық құрбаны болғанын айтты
Танымал актриса Тамирис Жанғазинова зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бір күн бұрын өнер иесінің Shanyraq клипі жарық көрді. Видео сипаттамасында "кейіпкердің өз басынан өткен оқиға" делінген.
"Клип бір кадрда - монтажсыз түсірілген, ал басты кейіпкер - отбасындағы және тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан аман қалған Тамиристің өзі. Бұл шығармада орындаушы өз өмірінің жаңа тарауын ашып, өзінің жеке басынан өткен ауыр жағдайды - эмоционалдық, физикалық зорлық-зомбылық пен бопсалауға, қиянатқа негізделген қарым-қатынас жайында баяндайды. Негізгі айтар ойы - егер сіз физикалық немесе эмоционал түрде қиянаттың кез келген түріне ұшырасаңыз, қарым-қатынасты одан әрі сақтауға тырыспаңыз. Егер сіз зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз, онда бұған шыдамай, полицияны көмекке шақырыңыз - 102", - делінген YouTube сипаттамасында.
Айта кетейік, Tamiris - қазақстандық актриса және әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек