- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Демікпе пайда болуының...
Демікпе пайда болуының 5 себебі
Фото:
ru.freepik.com
Адамның тыныс алу жүйесі бойынша ең көп тараған аурудың бірі – демікпе (астма). Ол асқынып кетпес үшін демікпенің алғашқы белгілерін уақытында анықтап, емдеуге кірісу керек. Демікпенің пайда болуына не әсер етеді?
Демікпенің белгілері
Демікпе дамуының басты белгісі – тыныс алудың қиындауы. Бұл белгі сырылмен, ентігумен және жөтелмен қатар жүруі мүмкін. Демікпе кезінде адамға ауа жетпейтіндей көрінеді. Ауыр жағдайда қанға жеткілікті мөлшерде оттек түспейді, бет және дене терісі көгеріп кетуі мүмкін.
Демікпе не үшін пайда болады?
- Тұқымқуалаушылық. Егер мына екі фактор сәйкес келіп қалып жатса, демікпе дамуы мүмкін: тұқымқуалайтын бейімділік және жағымсыз патогенді сыртқы факторлар;
- Аллергия. Кез келген аллергия астмаға әкелмейді, бірақ бұл мүмкін нәрсе.
- Лас ауа;
- Темекі тарту. Бұл зиянды әдет жалпы денсаулықты нашарлатады және иммунитетті әлсіретеді. Сондай-ақ ол тыныс алу жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін бұзады. Соның салдарынан ағзаға лас ауа мен өкпе үшін зиянды микробөлшектер кіреді. Темекі тартпасаңыз да, оның түтінімен демалу ағзаға зиян. Сондықтан темекі тартып тұрған адамның сыртқа шығып тартуын сұраудан ұялмаңыз.
- Жағымсыз еңбек шарты. Астманың дамуына әкелетін көптеген заттар бар. Мысалы, оған металл, ұн және ағаш шаңдары, жануар аллергендері, шайырлар, фталаттар жатады.
Көбінесе кәсіптік демікпемен мына мамандық иелері қиналады:
- металл пісіруші (сварщик);
- құс фабрикаларының қызметкерлері;
- ветеринарлар;
- шаштараздар;
- наубайшылар мен кондитерлер;
- ағаш өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері;
- құрылыс мамандықтарының өкілдері мен суретшілер;
- медицина қызметкерлері.
Оларға жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, жиі таза ауада демалу ұсынылады.
А. Жапатова