Демеу Жадыраев Олимпиададан алған сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты

Демеу Жадыраев Олимпиададан алған сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты
Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев  Sport+ Qazaqstan youtube-арнасына берген сұхбатында Олимпиададан алған сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл қаражат отбасылық бюджет болып есептеледі.

"Бірінші берсін, сосын көре жатармыз. Алдыңғы сұхбаттарымда айтқандай, бұл отбасының қорына түсетін ақша болады. Отбасылық бюджет болады. Содан кейін әрі қарай көре жатармыз. Қажетті жерге жұмсаймыз",- деді ол.

Демеу Жадыраев спорт арқылы байлыққа жету туралы пікірін білдірді.

"Өз басым спорттан баю өте қиын деп ойлаймын. Ең бастысы - жетістікке жету. Жетістікке жету, мақсатыңның орындалуы үлкен байлық. Өйткені алға қойған мақсатыңа жеттің. Сол кезде баю, атақ-даңқ бәрі де ұмыт болады. Сезім бөлек болады. Елге қуаныш сыйлау өте керемет сезім", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы