- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Деменцияның дамуына ықпал...
Деменцияның дамуына ықпал ететін ең қауіпті әдет аталды
Физикалық белсенділіктің төмен деңгейі деменцияның дамуына ықпал ететін ең қауіпті әдет. Бұл туралы психотерапевт-дәрігер Хадижат Саадулаева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" сілтеме жасап.
Деменция егде жастағы адамдар арасында жиі кездесетін психикалық бұзылыстың бірі, бұл ауруға шалдыққан адамның есте сақтау және ақыл-ой қабілеті төмендейді.
Дәрігердің айтуынша, төмен физикалық белсенділік ең қауіпті фактор.
"Тұрақты түрде жаттығу жасап тұру, қан айналымын жақсартуға, мидың оттегімен және қоректік заттармен қоректенуіне ықпал етеді, бұл деменцияның алдын алуға көмектеседі", - деді дәрігер.
Сонымен қатар, психотерапевт деменцияның алдын алатын тағы бір тұс - дұрыс тамақтану, яғни көкөніс, жеміс пен пайдалы майларды көбірек тұтынуға тырысу.
Әлеуметтік белсенділік пен тұрақты психикалық стресс мидың жұмысына оң әсер етеді. Алайда, оның сөзінше, созылмалы стресс пен депрессия, керісінше, деменция қаупін арттырады.
Хадижат Саадулаева алкогольді тым көп ішіп, үнемі темекі шегетін адамдарда деменцияның даму ықтималдығы жоғары екенін ескертті. Сондықтан маман осы жаман әдеттерден бас тартып, олардың ағзаға әсерін азайтуды ұсынды.
Айта кетейік, бұған дейін "Ұйықтар алдында ішіңіз". Деменция қаупін азайтуға көмектесетін 3 шай туралы хабарланған болатын.
- Түймедақ шайы;
- Итмұрын шайы;
- Жалбыз шайы.
Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз туралы өлеңдер
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә