Деменция қаупін азайту үшін не істеу керек? Дәрігер кеңесі

Невролог әрі психиатр Полина Вахромеева шағын, бірақ тұрақты әдеттер деменция қаупін төмендетуге ықпал етуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігер ең алдымен негізсіз уайымға бой алдырмауға кеңес береді. Қажет болған жағдайда неврологқа немесе психологқа жүгінген дұрыс. Мидың қалыпты жұмыс істеуі үшін сапалы ұйқы да маңызды. Ағза толық қалпына келуі үшін адам жеткілікті ұйықтап, ұйқының табиғи кезеңдерінен өтуі керек.

Маманның сөзінше, ақыл-ой еңбегі мен дене белсенділігін дұрыс үйлестіру де когнитив саулыққа пайдалы. Таза ауада жиі серуендеу, аптасына бірнеше рет жаттығу жасау, әсіресе кардио жүктемелер, денені ғана емес, жүйке жүйесін де нығайтады.

Тамақтану тәртібі де маңызды рөл атқарады. Дәрігер дұрыс ас мәзірін ұстанып, қантты, майлы және қуырылған тағамды шектеуге кеңес берді. Сондай-ақ, күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішу қажет.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!