- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Демалыста ауа райы...
Демалыста ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 6-8 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес атлантикалық циклон және атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте де жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын жауады. 7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады. Сонымен қатар, республиканың солтүстік жартысында көктайғақ болып, боран соғады, ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
"Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температура күрт төмендейді. Мәселен, батыста және солтүстік-батыста түнгі уақыттарда 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 градус аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5 градус аяз - 7 градус жылы болады", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова