Синоптиктер 26-28 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың болжауынша, жақын күндері Қазақстанда 26, 28 тамызда батыс және шығыс облыстарда, 26-28 тамызда солтүстік-батыс облыстарда, 27-28 тамызда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда күн күркіреп, бұршақ жауады, сондай-ақ, екпінді жел күтіледі.
"Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!