Демалыста ауа райы қандай болады?

Демалыста ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 13, 14, 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 13-14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, 14 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, республиканың оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Ауа температурасы төмендейді:

  • елдің шығысында түнде 0-9 градус, күндіз 10-22 градус жылы,
  • елдің оңтүстігінде түнде 10-16 градус, күндіз 17-28 градус жылы,
  • елдің орталығында түнде 1-9 градус, күндіз 12-20 градус жылы.

Ал солтүстік пен солтүстік-батыста күндізгі температура 12-19 градусқа дейін жоғарылайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget