Қазгидромет 6, 7, 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
6 қыркүйекте солтүстік-батыста, 7-8 қыркүйекте солтүстікте, 8 қыркүйекте шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түсуі ықтимал. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Ауа температурасы бойынша:
- Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +15…+25°С;
- Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +13…+20°С;
- Орталықта түнде +7…+18°С, күндіз +15…+23°С;
- Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз +22…+30°С;
- Шығыста температура түнде +5…+15°С, күндіз +20…+28°С;
- Батыста және оңтүстік-шығыста ауа райы айтарлықтай өзгермейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова