Демалыс күндері еліміздің бірқатар аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігі атнициклонның әсерінде қалады. "Бірақ сенбі күні республикамыздың батысына Ресейдің Еуропалық оңтүстік аумағынан екпінді циклон шығып, басқа да аумақтарға жайыла отырып, шығысқа қарай ығысады. Осы циклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынды, күңгірт болады. Жаңбыр, сулы қар жауып, көктайғақ, тұман болады және жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел тұрады", − делінген кәсіпорын хабарламасында.
Температураның қалыпты аномальді жоғарылығы сақталады, алайда солтүстік облыстарда температура сәл төмендеп, климаттық қалыпқа жақындайды.
Дереккөз: tengrinews