- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Демалыс күндеріне ауа...
Демалыс күндеріне ауа райы болжамы
Фото:
massaget.kz
Синоптиктер 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Мамандардың болжауынша, Қазақстанның бірнеше облысында ауа райын жауын-шашынсыз етіп ұстап тұрған антициклон бұзылады және ол Сібірдің оңтүстігіне ауысады. Оның орнына Ресейдің Еуропа аумағынан атмосфералық фронттар мен циклон келеді. Сол себептен демалыс күндері республиканың біраз бөлігі бірінші жылы, содан кейін суық болады деп күтілуде. Күн жауын-шашынды, тұманды және көктайғақ болуы мүмкіндігі бар.
Солтүстік облыстарда секундына 15-20 метрге жететін жел соғуы мүмкін, оңтүстікте жаңбыр, таулы аудандарда жылымық қар. Сонымен қатар ауа температурасы төмендейді, бірақ осы кезеңдік климаттық нормадан жоғары болуы сақталады.
Дереккөз:Tengrinews.kz
С. Ерсін