Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" 31 қазан мен 2 қараша аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының жырасы мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

Тек Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман болады.
Республика бойынша ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай
Logotype Massaget