Синоптиктер 30 сәуір мен 2 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің айтуынша, сәуір мен мамыр − Қазақстанда жауын-шашын көп түсетін айлар. "Сәуірдің соңғы күндері мен мамырдың бірінші күндері республиканың басым аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай соғады, ал оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр сіркіреп жауады", − деп хабарлады синоптиктер.
Сенбіде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде жаңбыр сулы қарға ұласуы мүмкін, мұнда ауа температурасы көпжылдық мәннен 1-3 градусқа төмен болады деп күтіледі екен. "Мұндай температура болжанып отырған мерзімде сақталады. Бірақ қалған территорияда ауа температурасы орташа мәндегіден 2-6 градусқа жылы болады", − деді "Қазгидромет" өкілдері.
Дереккөз: tengrinews