Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Қазақстанның ауа райын Жерге жақын қабаттағы антициклон және тропосферадағы қысым жотасы анықтайды. Олармен бірге шығыс облыстарды қоспағанда, республиканың көптеген аумағында температураның ауытқуы қалыптан асады. Шығыста әзірше салқындау болады. Бірақ антициклон мен жоталардың Сібірге жылжуына байланысты шығыс облыстарға оңтүстіктен жылы ауа таралады", − делінген хабарламада.
Ресейдің Еуропалық бөлігінен батыс облыстарға атмосфералық фронттар жылжиды, олардың Қазақстан арқылы ауысуы ел аумағында жаңбыр, найзағай және ұйтқыған желдің соғуына алып келеді.
Дереккөз: tengrinews