"Қазгидромет" кәсіпорны 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы шығысқа жылжыған салқын атмосфералық фронттар алдағы тәулікте бірқатар облысқа жауын-шашын алып келеді.
"Бұл салқын атмосфералық фронттар оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарына күшті жауын-шашын алып келеді. Салқын фронттардың артынан батыстан басталған антициклон таралады, осыдан кейін Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашын тоқтауы ықтимал және көктемгі жылы ауа райы күтіледі. Тек қиыр солтүстік пен шығыста аздаған жауын-шашын әлі сақталады", − деп хабарлады синоптиктер.
Дереккөз: tengrinews