Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде 30-35 градус аяз күтіледі.
Синоптиктердің мәліметінше, 19-21 желтоқсан күндері Орал және Батыс Сібірге Кар теңізінен арктикалық суық ауа келеді, жексенбі және дүйсенбі күндері оның ықпалын Қазақстан тұрғындары да сезінеді.
"Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күн анағұрлым суытып, түнгі температура 30-35 градусқа дейін төмендейді, республиканың оңтүстігінде де түнгі температура 12-17 дейін түседі, кей жерлерде 20-25 градус аяз болады, ол нормадан 1-5градусқа төмен", − деп хабарлады кәсіпорын.
Дереккөз: tengrinews