26-28 қаңтар күндері Қазақстанда ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
- Алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райы көбіне антициклонның ықпалында болады, сондықтан республиканың басым бөлігінде түнде 30-дан 38 градусқа дейін аяз көтеріліп, күндіз 18...27 градустан жоғары болмайды. Кей жерлерде 30 градус аяз болады деп күтілуде, бұл климаттық нормадан төмен, - деп мәлімдеді "Қазгидромет" өкілдері.
Синоптиктердің атап өтуінше, Қазақстанның солтүстік жартысындағы салқын әрі қуатты антициклон мен Орталық Азиядағы жылы циклон шығыс бағыттан желдің күшеюіне және республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұрқасын соғуына себеп болады.