- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Демалыс күндері жауын-шашын...
Демалыс күндері жауын-шашын тоқтай ма?
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Қазгидромет алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, алдағы үш күн бойы да жаңбыр жауады.
Қазақстанның көптеген облысында төмен атмосфералық қысым әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді, ал еліміздің шығысында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.
"Күндізгі ауа температурасы еліміздің солтүстігінде, шығысында +20+28℃, оңтүстігінде +34+39℃, еліміздің орталығында +25+33℃ дейін, оңтүстік-шығыста +30+38℃ дейін жоғарылайды, ал еліміздің батысында +33+38℃ дейін қатты ыстық болады", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова