- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Демалыс күндері еліміздің...
Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Фото:
massagetkz
Қазақстан аумағында демалыс күндері қар жауып, боран соғады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.
"Тропосферадағы батыс ағындары оңтүстік-батысқа ауысып, жылы ауа массасы оңтүстік циклондарымен Қазақстанға Алдыңғы Азия аудандарынан келе бастайды. Күндіз ауаның жылы болуына қарамастан, қар жауады, жылдамдығы секундына 15-25 метр болатын жел соғу жағдайлары демалыс күндері республиканың барлық аумағында күтіледі", − делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбіде тропосфералық ағындар оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысып, Кольск түбегі ауданынан суық ауа Қазақстанның солтүстік жартысына жайыла бастайды.
Дереккөз: Tengrinews
С. Ерсін