Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы салқын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктер ауа райының салқындауын циклондармен байланыстырып отыр. "Бірінен соң бірі Ресейдің еуропалық аумағының солтүстік аудандары және Батыс Сібір арқылы ауысатын атмосфералық фронттар республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарындағы ауа райына әсер етеді", - деді "Қазгидрометтегілер". Осылайша, бұл фронттармен Қазақстанға Баренц теңізінің аудандарынан ылғалды және салқын ауа келеді екен.
Сондықтан, мамандардың айтуынша, демалыс күндері және дүйсенбі күні осы облыстарда кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр, найзағай, екпінді жел және температураның төмендеуі болады.
Ал таңғы уақытта солтүстік облыстарда тұман болуы мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында фронттардың әсерінен аздаған өткінші, тауларда қалыпты жаңбыр жаууы мүмкін және одан әрі температура төмендейді. 40 градустық ыстық мұнда болмайды. Қазақстанның батысы жауын-шашынсыз болады, температура қайта көтеріледі.