Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 21-23 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, 15 қазаннан бастап 28 қазанға дейін нағыз күз сезіледі. Демалыс күндері Қазақстанда айтарлықтай салқын болады. Ауа райына солтүстік атлантикалық циклон мен скандинавиялық антициклон әсер етіп, жауын-шашын жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде, таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ауысады.

"Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде 0-5 градус аяз болады, күндіз ауа температурасы 2-12 градусқа дейін жоғарылайды. Дүйсенбіде 3 градус аяз, 5 градус жылы ауа райы күтіледі. Ал республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!