Синоптиктер 27-30 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республиканың басым бөлігіне атмосфералық фронталь бөлімдер әсер етеді. Соның әсерінен жаңбыр жауады, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Ал республиканың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сондай-ақ, республика бойынша жел күшейіп, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
"Қазақстанда күндізгі ауа температурасы жоғарылайды: батыс өңірлерде +32+37 градусқа дейін, солтүстік-батыста +30+35 градусқа дейін, солтүстікте +20+30 градусқа дейін, орталықта +20+28 градусқа дейін, оңтүстікте +30+38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20+25 градусқа дейін, таулы аудандарда +10+15 градусқа дейін, ал шығыста негізгі ауа температурасы +23+28 градус болады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!