Синоптиктер Қазақстанда 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда ауа райында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына атмосфералық қысымның жоғарылауы әсер етеді, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы ашық болады. Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды ықпалынан қар жауып, жел күшейеді.
"Температуралық фон күрт өзгермейді, алайда республиканың оңтүстігінде ауа температурасының күндіз 2 аяздан 3 жылыға дейін, солтүстік және таулы аудандарда 5 аяздан 5-10 жылуға дейін, елдің оңтүстік-шығысында 2 аяздан-3 жылуға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!