- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Демалыс күндері ауа...
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Қазгидромет синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, республиканың батыс және оңтүстік бөлігіне солтүстік-батыс антициклон әсер етеді. Сондықтан әлі де жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады.
"Еліміздің солтүстік, шығыс және орталығына Баренц теңізі аудандарының циклоны әсер етеді, сондықтан қар жауып, жел күшейеді. Ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова