Синоптиктер 15-17 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігіндежауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыс Сібірден келіп жатқан суық ауа ағыны жауын-шашынсыз салқын ауа райы мен климаттық нормадан төмен температураны сақтап қалады. Дүйсенбіде республиканың шығысында жаңбыр болуы мүмкін. Ресейдің Еуропалық бөлігінен циклонның жақындауына байланысты батыс облыстарында да жаңбыр күтіледі, - дедіҚазгидромет өкілдері.