Синоптиктер 2016 жылғы 23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің көптеген облыстарында аяз сақталады деп күтілуде.
"Еліміздің басым өңірлерінде суық ауа райы сақталады. Батыс облыстарда қар, бұрқасын және температураның төмендеуі күтіледі. Дүйсенбі күні антициклон шығысқа қарай жылжи бастайды, Қазақстанға Иран аудандарынан ауа келіп түсетін болады, сонда температура көтеріледі", - деп хабарлады мамандар.