Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz

Қарашаның соңғы күндері Қазақстанда қар, жаңбыр, боран және көктайғақ болады. 30 қарашаға қарай еліміздің кейбір өңірлерінде түнгі температура 20 градус аязға дейін төмендейді, ал шығыста қалың қар жауады деп болжанады, деп хабарлайды Massaget.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Болжам бойынша, алдағы күндері атмосфералық фронттар ауысады. Соның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр мен қар), тұман және желдің күшеюі секілді құбылмалы ауа райы күтеледі.

Қайда аяз күтіледі?

Күн біртіндеп суыта бастайды. 30 қарашаға қараған түні ауа температурасы:

  • еліміздің батысында - 5-12 градус аязға дейін;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта - 10-18 градус аязға дейін;
  • шығыста - 7-12 градус аязға дейін;
  • таулы аймақтарда - 15-20 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстанның қалған аумағында температура айтарлықтай өзгермейді.

Қай жерде жауын-шашын болады?

30 қарашада Қазақстанның шығысында қалың қар жауады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі қалың жауын-шашын жауады.

Желтоқсандағы ауа райы

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылдың желтоқсан айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Қазақстанның басым бөлігінде қыстың бірінші айы климаттық нормадан 1-2 градусқа жылы болады деп болжанады.

Бұл ретте Астанада температура -26 градусқа дейін, ал Алматыда -17 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
О. Сансызбай
Logotype Massaget