"Қазгидромет" 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер етеді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Алдымен циклондардың ықпалы елдің батыс өңірлерінде байқалып, кейін қолайсыз ауа райы солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарға таралады.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.