Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді. Елдің оңтүстігінде күн 27 градусқа дейін жылынғанымен, кей аймақтарда жауын-шашын күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болып, жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстікте күн жылы болады

Ең жылы ауа райы Қазақстанның оңтүстігінде болжанып отыр. Синоптиктердің айтуынша, түнде ауа температурасы +7…+17 градус, күндіз +18…+27 градус болады.

Оңтүстік-шығыста да күн жылынады. Түнде ауа температурасы +7…+15 градусқа дейін көтерілсе, таулы жерлерде 0…+5 градус болады. Күндіз +17…+25 градус, таулы жерлерде +10…+15 градус болады.

Елдің шығысында да күн жылынады. Түнде ауа температурасы -5…+8 градусқа, күндіз +9…+17 градусқа дейін көтеріледі.

Қай өңірлерде нөсер, қар жауады?

7 қарашадан бастап солтүстік өңірлерге солтүстік циклон ықпал етеді. Ал 8 қарашадан бастап Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік циклон өтеді.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанып отыр. Оңтүстікте негізінен жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашын мына күндері күшейеді:

  • 8 қарашада батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауады;
  • 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста жаңбыр аралас қар жауады;
  • 9 қарашада күндіз елдің оңтүстігінде қатты жаңбыр болжанып отыр.

Қай өңірлерде күн суытады?

Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы -8…+3 градусқа дейін төмендейді, күндіз +2…+10 градус болады.

Солтүстік-батыста түнде -6…+3 градус, күндіз -3…+5 градус болады. Қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Ел аумағында жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ болады.

Қазақстанда қарашада ауа райы қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2026 жылғы қараша әдеттегіден жылы болатынын болжаған еді. Алайда бұл жағдай ай бойы тұрақты болмайды.

Қарашада жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады, боран соғып, ауа температурасы күрт өзгеруі мүмкін. Кей күндері елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы 18 градусқа дейін жетуі ықтимал.

О. Сансызбай
Logotype Massaget