Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 10, 11, 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай өңірлерде жауын-шашын жауады?

10-11 қазанда оңтүстік-батыста, 11-12 қазанда солтүстік-батыста, солтүстікте, 10, 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

10 қазанда елдің шығысында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. 10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында да қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 12 қазанда Түркістан облысында да қатты жаңбыр болжанып отыр.

Республика бойынша түнде, таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы

Күндіз ауа температурасы жоғарылайды:

  • батыста +22+27 градусқа дейін;
  • солтүстік-батыста +17+25 градусқа дейін;
  • солтүстікте +13+20 градусқа дейін;
  • орталықта +13+22 градусқа дейін;
  • шығыста +10+22 градусқа дейін;
  • оңтүстікте, Қызылорда облысында +23+28 градусқа дейін көтеріледі.

Түркістан облысында ауа температурасы +18+23 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста +17+25 градус болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget