Қазгидромет 3, 4, 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағына солтүстік циклон ығысуына байланысты күн күрт суытады. Ауа райы тұрақсыз болады. Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар болжанып отыр. 5 қазанға қарай еліміздің солтүстігінде түнде қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік пен шығыс өңірлерде жаңбыр жауады.
Еліміздің батысы мен солтүстігінде түнде, таңертең тұман түседі. Республика бойынша жел күшейеді.
Еліміздің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы -1-ден -6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасы 0+5 градусқа дейін, шығыста +7+12 градусқа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +10+15 градусқа дейін, таулы жерлерде 0+5 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің батысында ауа температурасы +10+18 градусқа дейін жоғарылайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!