2026 жылғы 25 қыркүйек - Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 26, 27, 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыстан ығысатын антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды, ауа температурасы төмендейді.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, 27-28 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Елдің шығысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр, қар жаууы мүмкін.

Солтүстікте, шығыста, 27-28 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында, орталығында түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget